Астанада элиталық велосипедті ұрлаған күдікті ұсталды

Астанада элиталық велосипедті ұрлаған күдікті ұсталды

Астана қаласында полиция қызметкерлері тұрғын үй кешендерінің бірінің жерасты паркингінен қымбат велосипедті ұрлаған ер адамды ұстады.
Тергеу барысында, күдікті тұрғын үй кешенінің астындағы паркинг аумағына заңсыз кіріп, арнайы құлыппен бекітіліп тұрған швейцариялық Scott маркалы спорттық велосипедті жасырын түрде алып кеткен. Аталған велосипед кәсіби велоспортшылар арасында кеңінен танымал және жоғары санаттағы спорттық құралдардың бірі болып саналады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 1 млн теңгені құрады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу- амалдары жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Полиция азаматтарға жеке мүліктерінің қауіпсіздігіне мұқият қарауды, велосипедтер мен өзге де бағалы заттарды сенімді құлыптармен бекітіп, мүмкіндігінше бейнебақылау жүйелері орнатылған орындарда сақтауды ұсынады.