Қостанай қаласының тұрғыны елордалық полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді

Қостанай қаласының тұрғыны елордалық полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді

Қостанай қаласының тұрғыны елордаға жұмыс бабымен келген сапары кезінде көрсеткен жедел көмегі мен кәсібилігі үшін Астана қаласы полиция қызметкерлеріне шынайы ризашылығын жеткізді.
Оқиға барысында азамат Теміржол вокзалы маңындағы аялдамада өзінің жеке заттары мен киім-кешектері салынған жүгін ұмытып кетіп, оны жоғалтып алғанын кейін байқайды. Құнды заттарының жоғалуына алаңдаған қонақ көмек сұрап полиция қызметкерлеріне жүгінген.
Азаматтың өтінішін назарға алған Астана қаласы Полиция департаментінің Сарыарқа аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Еламан Каухар жедел әрекет етіп, қажетті іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Жедел іздестіру нәтижесінде жоғалған заттар қысқа уақыт ішінде табылып, заңды иесіне қайтарылды.
Алғыс хат иесі өз сөзінде тәртіп сақшыларының халық тыныштығы жолындағы еңбегі зор екенін атап өтіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі адал қызметтері үшін шынайы ризашылығын жеткізген. Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторы Еламан Каухарға ерекше алғысын білдіріп полиция қызметкерлеріне мықты денсаулық, қызметтеріне табыс пен абырой тіледі.
Астана қаласы Полиция департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықпен өзара сенімді нығайту бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра береді.