"Қоңырау шалсам бола ма?». Елордалық полицейлер алаяқтарды әшкереледі

"Қоңырау шалсам бола ма?». Елордалық полицейлер алаяқтарды әшкереледі

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында Құдайбердіұлы көшесі бойында алаяқтық дерегі тіркелді. Арызданушының айтуынша, сағат шамамен 15:00-де белгісіз екі жас жігіт оған жақындап, қоңырау шалу сылтауымен ұялы телефонын сұраған. Сенімге кірген күдікті «Samsung S21» маркалы смартфонды қолына алып, біраз уақыт қайтармай тұрған. Кейін қолайлы сәтті пайдаланып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші оның артынан қуғанымен, ұстап қала алмаған.
Келтірілген материалдық шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жедел іздестіру барысында күдіктіні қысқа мерзім ішінде ұстап, ол өз кінәсін толық мойындады.
Астана қаласының Полиция департаменті қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ЕСКЕРТЕДІ. Егер Сізге қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалса, дереу полицияға, "102" мобильді қосымшасына хабарлаңыз.