
Қала тұрғыны полицияға алаяқтық дерегі бойынша арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол белгісіз азаматпен танысып, оның қысқа мерзім ішінде жүргізуші куәлігін жасап беруге уәде еткені мәлім болды.
Аталған азаматшаға жүргізу куәлігін рәсімдеуге көмектесемін деген уәдемен 470 мың теңге көлемінде ақша аударған. Алайда уақыт өте келе жәбірленуші уәде етілген құжатты да, аударылған қаражатты да ала алмаған соң, құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық дерегіне қатысы бар азаматты анықтады. Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас жолмен «Қызметі» үшін алған сыйақы көлемі 300 мыңнан 450 мың теңгеге дейін өзгеріп отырған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша күдікті ұсталып,кінәсін толық мойындады.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға жүргізуші куәлігі тек қана уәкілетті мемлекеттік орган арқылы заңды түрде берілетінін ескертеді және күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырады.