
Астана қаласы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық полигонында заң мамандықтары бойынша білім алып, өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.
Іс-шараны Тергеу басқармасы, Анықтау басқармасын және Жедел-криминалистикалық басқарманың қызметкерлері өткізді.
Сабақ барысында болашақ мамандарға оқиға орнын қараудың негізгі кезеңдері мен тәртібі, қылмыстық-процестік заңнама талаптары, сондай-ақ дәлелдемелік маңызы бар іздерді тіркеу мен алудың ерекшеліктері түсіндірілді.
Студенттер заманауи криминалистикалық әдістермен танысып, саусақ іздерін алу, ғимараттарды, көлік құралдарын және өзге де нысандарды қарау тәртібін тәжірибе жүзінде пысықтады.
Мұндай сабақтар студенттерді даярлау жоспарына сәйкес тұрақты түрде өткізіліп келеді. Олар теориялық білімді бекітуге, практикалық дағдыларды қалыптастыруға және жастардың ішкі істер органдарындағы қызметке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.