Астанада полиция қызметкерлері өрт сөндіру түтік құбыры ұрлығын ашты

Астанада полиция қызметкерлері өрт сөндіру түтік құбыры ұрлығын ашты

"Алматы" ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өрт сөндіру түтік құбырын ұрлады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында ер адамның Момышұлы даңғылындағы тұрғын үйдің кіреберісінен бірнеше күн қатарынан өрт сөндіру түтік құбырларын жасырын алып шыққаны белгілі болды. Жалпы ұрланған 28 дана түтік құбырдың 10 данасын сатып үлгерген. Келтірілген материалдық шығын шамамен 360 мың теңгеге жуық.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға жүгінеді, егер сіз қылмыстың куәгері болсаңыз, бұл туралы полицияға 102 нөміріне хабарлаңыз.