Қауіпсіз балалық шақ – ережеден басталады

Қауіпсіз балалық шақ – ережеден басталады

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері «Жетісу» саябағында профилактикалық акция өткізді.
Іс-шара балалар арасындағы жол-көлік жарақаттарының алдын алуға және жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға бағытталды.
Акция барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандармен, олардың ата-аналарымен, велосипедшілермен және жол қозғалысының басқа да қатысушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары Жол қозғалысы ережелерін сақтау, жолды қауіпсіз кесіп өту және жеке қауіпсіздікке мұқият қарау қажеттігін еске салды.
Іс-шараға қатысушыларға жол қауіпсіздігі бойынша пайдалы ұсынымдар қамтылған тақырыптық буклеттер таратылды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерді қараңғы уақытта және көріну деңгейі төмен жағдайларда жүргізушілерге жақсырақ байқатуға көмектесетін жарық шағылыстырғыш жетондар үлестірді.
Осындай профилактикалық акцияларды өткізу балалар мен ересектердің жол қозғалысы ережелерін сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді.
Астана қаласының Полиция департаменті ата-аналарды балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге, оларға күн сайын жол қозғалысы ережелерін еске салып отыруға және жауапты мінез-құлықтың үлгісін көрсетуге шақырады.