Елордада шетел азаматын алдаған күдікті ұсталды

Елордада шетел азаматын алдаған күдікті ұсталды

Елордада Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері шетел азаматына Қазақстан Республикасының азаматтығын алып беремін деп алдаған 23 жастағы күдіктіні ұстады.
Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушінің сеніміне кіріп, құжаттарды рәсімдеуге көмектесемін деген сылтаумен одан ақша қаражатын алғаны анықталды. Алайда уәде етілген қызметті орындамай, қаражатты жеке бас пайдасына жұмсаған.
Нәтижесінде жәбірленушіге 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктінің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Полиция азаматтарды алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады. Құжаттарды рәсімдеу және азаматтық алу мәселелері бойынша тек ресми мемлекеттік органдарға жүгіну қажет екенін ескертеді.