«Таза Қазақстан»: Астанада абаттандыру ережесін бұзғандар жауапкершілікке тартылды

«Таза Қазақстан»: Астанада абаттандыру ережесін бұзғандар жауапкершілікке тартылды

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Астана қалалық Полиция департаменті қоршаған ортаны абаттандыру ережелерін бұзу және қоғамдық орындарды ластау фактілерінің алдын алу шараларын жүргізуде. Жылдың басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны және абаттандыруды бұзғаны үшін 20 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталып, оларға қатысты әкімшілік жаза қолданылды. Мәселен, қаладағы құрылыс нысандарының бірінде құрылыс қоқысын жинаған. Нәтижесінде құрылыс компаниясына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік жаза қолданылды. Астана қалалық полиция департаменті барша қала тұрғындарын немқұрайлы қарамауға, елорданы көркейтуге өз үлестерін қосып, акцияға қосылуға шақырады. Белгісіз орындарға қоқыс төгу, құрылыс және басқа да қалдықтарды сақтауды көрген болсаңыз, дереу «102» арнасына хабарлаңыз. Мүмкіндігінше құқық бұзушылықты, автокөліктердің нөмірін істі қарау кезінде дәлел ретінде пайдалану үшін смартфонға немесе басқа құрылғыға жазып алуларыңызды сұраймыз.