Полиция ескертеді: аулалардағы балалар қауіпсіздігі – ересектердің жауапкершілігі

Полиция ескертеді: аулалардағы балалар қауіпсіздігі – ересектердің жауапкершілігі

Жаз мезгілінің басталуымен балалар тұрғын үйлердің аулаларында көбірек уақыт өткізеді. Осы кезеңде олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының қаупі де артады.
Өткен демалыс күндері елордада кәмелетке толмағандарға қатысты екі бірдей жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның бірі қайғылы жағдаймен аяқталды.
Елорда полициясы ата-аналарға балалар үнемі ересектердің бақылауында болуы тиіс екенін ескертеді. Баланы қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдыруға болмайды. Ересек адам әрдайым жанында болып, телефонға немесе басқа да істерге алаңдамай, баланың жол бөлігіне жалғыз шығуына жол бермеуі қажет.
Жүргізушілер де барынша сақ болуы тиіс: көлікке отырар алдында және қозғалысты бастамас бұрын, көлік маңында, әсіресе «соқыр аймақтарда» балалардың жоқ екеніне көз жеткізу қажет.
Аула ішінде қозғалған кезде жылдамдықты барынша төмендетіп, кез келген сәтте баланың кенеттен жолға шығып кетуіне дайын болу керек.
Полиция ескертеді: аулаларда жіберілген әрбір қателік ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Балалардың қауіпсіздігі – барша ересектердің ортақ жауапкершілігі.