Елордада абаттандыру қағидаларын бұзу дерегі анықталды

Елордада абаттандыру қағидаларын бұзу дерегі анықталды

Елордада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлері әкімшілік учаскелерді жоспарлы аралау барысында құқық бұзушылық дерегін анықтады.
Жүргізілген профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде қала аумағын абаттандыру қағидаларының бұзылғаны белгілі болды. Атап айтқанда, Кенесары көшесінде орналасқан кафелердің бірінің иесі тұрмыстық қалдықтарды қоғамдық орынға қалдырған.
Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Құқық бұзушылықтың сипаты ескеріліп және оның алдын алу мақсатында құқық бұзушыға ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Астана қаласының полициясы абаттандыру қағидаларын сақтау әрбір тұрғын мен кәсіпкердің міндеті екенін еске салады. Азаматтарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, қоқысты уақтылы шығаруға және белгіленген талаптарды сақтауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.