
Соңғы жылдары Қазақстанда, әсіресе жастар мен жасөспірімдер арасында кальян шегу кеңінен таралуда. Көпшілік кальянды зиянсыз, тіпті жеңіл хош иісті демалу құралы деп қабылдайды. Алайда бұл – өте қауіпті жаңсақ пікір. Жыл басынан бері темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальян темекісін, кальян қоспаларын, темекіні қыздыру жүйелерін тұтынуға тыйым салу туралы 3 200 құқық бұзушылық тіркелді.
Кальян түтінін сүзгіден өткізу оның зиянды әсерін азайтпайды.
Полиция күнделікті кешкі және түнгі уақыттарда рейдтер жүргізіп, кальян ұсынатын және пайдаланатын мекемелерді анықтау жұмыстарын күнделікті жүргізуде.
Жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Кенесары және Сарыарқа көшелерінде орналасқан мекемелерде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық анықтады.
Астана қаласы Полиция департаменті жастар арасында түрлі акциялар, тренингтер ұйымдастырылып, кальянға тыйым салынған орындарда рейдтік шараларды күшейтуде. Сондай-ақ жастарға салауатты өмір салтының маңызын дәріптеу, спорттық және шығармашылық үйірмелерге тарту.
Кальян шегу – сәнді әдет емес, ол сіздің өміріңізге тікелей қауіп төндіреді. Әр адам өз денсаулығына жауапты екенін естен шығармауы тиіс. Ең бастысы – салауатты өмір салтын таңдап, өзіңізді және болашағыңызды қорғаңыз!