Елордада азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Елордада азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Ағымдағы жылдың басынан бері омниканалды жүйе арқылы тұрғындардан 13 500-ден астам өтініш қабылданды. Аталған жүйе eGov.kz порталы, Kaspi.kz, Halyk қосымшалары және арнайы чат-боттар арқылы жүзеге асырылады.
Мәселен, қала тұрғынынан омниканалды жүйе арқылы түскен хабарламада Жұбан Молдағалиев көшесі бойындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында автокөліктердің ретсіз қойылуына байланысты қоқыс шығаруға кедергі келтірілгені туралы шағым тіркелген. Атап айтқанда, Mercedes-Benz және Hyundai маркалы автокөліктердің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзған.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылдады.
Жалпы, омниканалды жүйе тұрғындар мен полиция арасындағы байланысты нығайтып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді. Әрбір өтініш бақылауға алынып, уақытылы қаралуы қамтамасыз етіледі.