Әрбір бүлдіру – жауапкершілік: елордадағы вандализммен күрес

Әрбір бүлдіру – жауапкершілік: елордадағы вандализммен күрес

Елордада бөтеннің мүлкін бүлдіру фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Негізгі басымдық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қалалық инфрақұрылым нысандарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға берілген.
Қалада бейнебақылау камералары орнатылып, қоғамдық кеңістіктер тұрақты түрде бақылауға алынған. Полиция қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, оның ішінде дрондар дыбыстық хабарлама арқылы тәртіп сақтауға және ортақ мүлікті қорғауға шақырады.
Жыл басынан бері шамамен 70 мүлікті бүлдіру дерегі тіркелді. Көбінесе аялдама павильондары, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен жарнамалық конструкциялар зақымдалады. Сондай-ақ тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі бейнекамераларды және лифт жабдықтарын бүлдіру фактілері де жиі кездеседі.
Полиция ескертеді: бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген — келтірілген шығынды өтеу, айыппұл салу, сондай-ақ әкімшілік қамауға алу шаралары қарастырылған.
Полиция департаменті азаматтарды бейжай қарамауға шақырады. Вандализм фактілерін анықтаған жағдайда дереу «102» нөміріне хабарлау қажет. Әсіресе өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, қоршаған ортаға және ортақ мүлікке құрметпен қарау дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аудару маңызды.
Қаладағы тәртіп пен тазалықты сақтау – елорда тұрғындарының ортақ міндеті.