
Елорда аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету бағытында полиция қызметкерлері жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. Полиция қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын өткізіп, тыныштық режимін сақтау қажеттілігі туралы ескертуде. Мұндай шаралар құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Жыл басынан бері тыныштықты бұзу фактілері бойынша 9 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданған.
Мәселен, таңғы сағат 5 шамасында Тұран даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінде 22 жастағы азаматтың тұрғындардың тыныштығын бұзғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда және тұрғын үйлерде белгіленген тыныштық режимін сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырады. Қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.