Астанада «Заңсыз келуші-таксист» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Астанада «Заңсыз келуші-таксист» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Астана қаласының аумағында 8 және 10 сәуір аралығында «Заңсыз келуші-таксист» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау, алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ ел аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтарын анықтап, оларды заң аясында жауапкершілікке тарту.
Полиция департаментінің қызметкерлері кең ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, жалдамалы пәтерлер, жатақханалар, құрылыс нысандары, сауда орындары, базарлар мен қоғамдық тамақтану орындары тексерілуде. Сонымен қатар, шетел азаматтарын заңсыз еңбекке тарту деректерін анықтауға ерекше назар аударылуда.
Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзуға жол бермеу мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтарға шетелдіктерді уақытша тіркеу, оларды тұрғын үйге орналастыру және еңбекке тарту тәртібі туралы ақпарат берілуде.
Шетел азаматтарын заңсыз тұрғызу немесе жұмысқа тарту заң алдында жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертіледі.
Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданып, заңсыз жүрген шетел азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасынан шығару мәселесі қаралатын болады.