Қызмет пен жауапкершілік: Астанада полиция қызметкерлері марапатталды

Қызмет пен жауапкершілік: Астанада полиция қызметкерлері марапатталды

Бүгін елордада Полиция департаментінде тергеу бөлімшелері мен көші-қон қызметінің үздік қызметкерлері марапатталды.
Биыл тергеу бөлімшелері өздерінің 63 жылдығын атап өтуде, ал көші-қон қызметі 1999 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев қызметкерлерді атаулы күндермен құттықтап, олардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті. Іс-шара барысында қызметкерлерге арнайы атақтар, медальдар, төсбелгілер, алғыс хаттар, сондай-ақ грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Тергеу бөлімшелері қылмыстарды ашуда, дәлелдемелік базаны жинақтауда және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Олардың кәсібилігі, мұқияттылығы мен әділдіктің қалпына келуіне және азаматтардың құқықтарын қорғауға тікелей әсер етеді.
Ал көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон үдерістерін бақылау, құжаттарды рәсімдеу, осы саладағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бағытында маңызды міндеттерді орындайды. Олардың жұмысы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен тығыз байланысты.
Аталған іс-шара қызметкерлердің еңбегін атап өтіп, елордадағы заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі олардың қызметінің маңыздылығын айқындауға мүмкіндік берді.