
Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың туған күніне орай Астана қаласындағы №55 орта мектепте оның өмірі, қызметі және ерлігіне арналған еске алу кеші өтті.
Іс-шара акт залында 4 «А» сыныбының «Жас сақшы» тобының оқушылары, сондай-ақ мектептің басқа да шәкірттерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Жалпы кешке 20 жас «Жас сақшы» мүшесі және 36 оқушы қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға Ғазиз Байтасовтың өмір жолы, кәсіби қалыптасуы және қызметтік міндетін атқару кезінде көрсеткен ерлігі туралы жан-жақты баяндалды.
Оқушылар офицердің ерлігі, антына адалдығы және азаматтардың қауіпсіздігі үшін өзін құрбан етуге дайын болғаны жайлы әңгімелерді зор ықыласпен тыңдады.
Кештің ерекше бөлігі ретінде батырдың қызметі мен ерлігінің негізгі сәттері қамтылған бейнеролик көрсетілді. Бұл оқушыларға оның жасаған ерлігінің маңызын тереңірек сезінуге, сондай-ақ ар-намыс, батылдық және жауапкершілік сияқты қасиеттердің құндылығын ұғынуға мүмкіндік берді.
Осындай іс-шараларды өткізу жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға, ел тарихына және оның батырларына деген құрметті арттыруға, сондай-ақ Отанды қорғауға және заңды сақтауға дайын лайықты азамат болып қалыптасуға бағытталған.
Полиция - батырлардың ерлігін есте сақтау және бұл құндылықтарды жастарға жеткізу – саналы әрі жауапты ұрпақ тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.