
Елордадағы санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында Астана қаласы Полиция департаменті «Таза Қазақстан» акциясын өткізуде.
Акция басталғаннан бері қоқысты заңсыз төгу, ортақ пайдалану орындарын ластау және абаттандыру ережелерін бұзудың өзге де фактілері бойынша 87 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп сақшылары күн сайын рұқсат етілмеген жерлерде қоқыс тастау орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіп, қоқыс пен кәріз суларын белгіленбеген жерлерге төгетін адамдарды анықтау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Акция басталғаннан бері 750-ге жуық жүк көлігі мен ассенизатор көлігінің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мәселен, Бейбарыс сұлтан көшесіндегі 2 құрылыс компаниясының иесі абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті елордалықтарды табиғатты қорғауға, санитарлық талаптарды сақтауға және қаламыздың экологиялық мәдениетін арттыруға үлес қосуға шақырады.