
Елордада Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың қала тұрғындарымен есептік кездесуі өткізді.
Сондақтан кездесу өтетіні туралы алдын ала хабарланған болатын, ашық диалогқа қызығушылық танытқан белсенді азаматтар жиналды.
Іс-шара барысында мазмұнды әрі конструктивті пікір алмасу өтті. Тұрғындар қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді көтерді.
Полиция департаментінің бастығы 2025 жылғы жұмыс нәтижелері мен қазіргі криминогендік ахуал туралы ақпарат берді. Жедел жағдайдың негізгі көрсеткіштері жарияланды. Қылмыс деңгейінің тұрақты төмендеу динамикасы атап өтілді: ұрлық, тонау, бұзақылық және бопсалау фактілері азайып, қылмыстарды ашу деңгейі артқан.
Заманауи технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. Қалада 200 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, олардың шамамен төрттен бірі Жедел басқару орталығына біріктірілген. Солардың көмегімен шамамен 3 мың қылмыс ашылған.
Сонымен қатар бейнебақылау жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр – ескірген жабдықтар заманауи цифрлық камераларға, оның ішінде аналитикалық функциялары бар құрылғыларға ауыстырылуда. Жол қозғалысын бақылау тиімділігін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған «Цифрлық күмбез» жобасы іске асырылуда.
Азаматтардың белсенді ұстанымының маңызы да ерекше атап өтілді. Тұрғындардан келіп түсетін есірткі граффитиі мен «есірткі тарату» деректері туралы хабарламалардың арқасында жедел әрекет етуге мүмкіндік туып отыр.
Сондай-ақ көшелерде, алаңдарда, көлік тораптарында және бұқаралық іс-шараларда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған қоғамдық көмекшілердің үлесі айтылды.Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттерге тарту үрдісінің алаңдатарлық екені атап өтілді. Осыған байланысты профилактикалық жұмыстар күшейтіледі.
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ашықтыққа ерекше назар аударылды. Департамент бастығы тұрғындармен тұрақты диалогта екенін, азаматтарды жеке қабылдаулар өткізіп тұратынын және кез келген өтінішке ашық екенін жеткізді.
Әрбір өтініш қаралып, жеке бақылауда болады. Кез келген тұрғын өз сұрағы немесе ұсынысымен жүгініп, кері байланыс ала алады.
Мұндай кездесулер полиция мен тұрғындар арасындағы сенімді нығайтып, өзекті мәселелерді уақытында анықтауға және тиімді шешімдерді бірлесіп қабылдауға мүмкіндік береді.
Дәл осындай өзара іс-қимыл қаланы қауіпсіз әрі жайлы етуге ықпал етеді.