Цифрлық полиция және тікелей мотивация: Астанада «Жастар – Заң мен тәртіп үшін» форумы өтті

Цифрлық полиция және тікелей мотивация: Астанада «Жастар – Заң мен тәртіп үшін» форумы өтті

Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде астаналық Полиция департаменті «Астананың жастары – Заң мен тәртіп үшін» атты жастар форумын өткізді. Бұл алаң студенттер мен полиция қызметкерлерін қауіпсіздік, қазіргі заманғы шақырулар және жастардың құқықтық қоғам қалыптастырудағы рөлі жөнінде ашық диалогқа біріктірді.
Форумның басты мақсаты - студенттерарасында құқықтық мәдениетті арттыружәне белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру болды. Полиция қызметкерлері қатысушыларға қазіргі заманғы ең таралған қауіптер мен оданқорғану жолдары туралы әңгімеледі. Арнайыназар интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, есірткі қауіптері, сондай-ақ сталкингжағдайында әрекет ету алгоритмдерінеаударылды.
Студенттерді әсіресе қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің цифрландыруықызықтырды. Жастарға бүгінгі күні елордалық полицияға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде көмектесетін заманауитехнологиялар көрсетілді. Қатысушылар интеллектуалды бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктерін көріп, полиция тәжірибесінде қолданылатын инновациялық әзірлемелермен, соның ішінде роботталған ит-роботпен танысуға мүмкіндік алды.
Студенттер атап өткендей, заманауитехнологияларды көрсету форумның ең қызықты бөліктерінің бірі болды, бұл цифрлық шешімдердің құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтарды алдыналу және қауіпсіздік деңгейін арттырудақалай көмектесетінін көрнекі көрсетті.
Іс-шараның практикалық бөлігі де үлкен қызығушылық тудырды. ЖҚАЖ арнайыбөлімінің жауынгерлері өзін-өзі қорғау бойынша шеберлік сағатын өткізді және студенттерге жеке қауіпсіздіктің негізгіәдістерін үйретті.
Форумның арнайы қонақтары – халықаралық UAE SWAT Challengeжарысының жеңімпаздары, астаналық полиция қызметкерлері, әлем чемпионы Айнагүл Байжигитова, Мөлдір Атанай және Елдос Сартай болды. Олар студенттергежеңіске жету жолындағы тарихтарын бөлісті, халықаралық жарыстарға дайындықтары мен ел намысын әлемдік аренада қалай қорғағандары туралы айтып, жастардытәртіптілікке, мақсаттылыққа және биікнәтижелерге ұмтылуға ынталандырды.
-«Астананың Полиция департаменті жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сананықалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Биылдан бастап астаналық полиция 800-ден астам профилактикалық іс-шара өткізді.
Біздің басты мақсатымыз – қылмыстарға тек әрекет ету емес, сонымен қатар олардыалдын алу. Полиция қасында болуы тиіс, уақытылы ескертіп, қорғап, жастарға дұрыс таңдау жасауға көмектесу үшін», – дедіАстана қаласы ПД бірінші орынбасары Әбіл Әбілдин.
Форум жастар мен полиция арасындағы маңызды байланыс алаңына айналды, студенттерге құқық қорғау жүйесінің заманауи мүмкіндіктерін жақсырақ түсінуге және заңды сақтау мен қоғамдық тәртіпті қолдаудағы өз рөлін анықтауға мүмкіндік берді.