
Астана қаласы Полиция департаменті «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2025 жылдың 26 наурызындағы №218 бұйрығы және Астана қаласы Полиция департаментінің 2025 жылдың 16 маусымындағы №285 бұйрығы шеңберінде төмендегідей бос тұрған басшылық лауазымдарға:
-Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары;
-Профилатикалық жұмысты үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары;
-Патрульдік полиция полкі взводының командирі;
-«Алматы» АПБ ПБ анықтау бөлімшесінің бастығы;
-«Алматы» АПБ АБ бөлімшесінің бастығы;
-«Алматы» ауданы ПБ көші-қон бөлімінің бастығы;
-«Алматы» ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы;
-«Алматы» ауданы ПБ қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы;
-«Байқоңыр» ауданы ПБ анықтау бөлімі бастығының орынбасары;
-«Байқоңыр» ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы;
-«Есіл» ауданы ПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы;
-«Есіл» АПБ ПБ тергеу бөлімшесінің бастығы;
-«Есіл» ауданы ПБ полиция бөлімі анықтау бөлімшесінің бастығы;
-«Есіл» ауданы ПБ полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары;
-«Есіл» ауданы ПБ қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы;
-«Есіл» ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы;
-«Есіл» ауданы ПБ тылдық қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы;
-«Нұра» ауданы ПБ қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы;
-«Сарыарқа» ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімі мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы;
-«Сарыарқа» ауданы ПБ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесінің бастығы;
-«Сарыарқа» ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімі тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы;
-«Сарыарқа» ауданы ПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары;
-«Сарыарқа» ауданы ПБ полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары;
-«Сарыарқа» ауданы ПБ тылдық қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы;
-«Сарыарқа» ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімі учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің бастығы;
-«Сарыарқа» ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімі әкімшілік тәжірбие бөлімінің бастығы;
-«Сарайшық» ауданы ПБ анықтау бөлімінің бастығы;
-«Сарайшық» ауданы ПБ тылдық қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы;
-«Сарайшық» ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары;
-Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың рота командирі;
-Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың рота командирінің орынбасары;
-Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың взвод командирі
лауазымдарына жоспардан тыс аттестаттау өткізетінін хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға өсіру жөнінде жақын тоқсанға кадрлық жоспарлау.
ІІМ-нің 2025 жылғы 28 шілдедегі №556 бұйрығына сәйкес Департамен номеклатурасына жататын лауазымдарды атқарып отырған және кезектен тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасындағы үлгіге сәйкес баянат береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы);
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқан қызметкерлер жіберілмейді.
Сұрақтар туындаған жағдайда Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына, № 214 кабинетке хабарласу қажет, анықтама телефондары: 8 (7172) 71-63-09, 71-60-92, 71-61-32, электрондық мекенжайлар: za.zhumanova@mvd.gov.kz, g.byurina@mvd.gov.kz, dadenova.a@mvd.gov.kz.
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
Астана қаласы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы