Астанада алкогольдік мас күйінде көлік басқару дерегі тіркелді

Астанада алкогольдік мас күйінде көлік басқару дерегі тіркелді

Астана қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар барысында әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды.
Полиция қызметкерлері түнгі уақытта 45 жастағы азаматтың Қайрат Рысқұлбеков көшесі бойымен алкогольдік мас күйінде «Lexus RX 330» маркалы автокөлікті басқарғанын анықтады.
Аталған дерек бойынша Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкері жүргізушінің әрекетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды. Аталған азамат 15 тәулікке қамауға алынып, автокөлік айыптұраққа қойылды.
Айта кетейік, өткен демалыс күндері ішінде Астана қаласында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша 28 құқық бұзушылық тіркелген. Жыл басынан бері мас күйінде көлік басқарудың 184 дерегі анықталды.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, көлік құралын мас күйінде басқармауға және өз өмірі мен айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.