Астанада туристік полиция елорда қонақтарына жан-жақты ақпараттық қолдау көрсетті

Астанада туристік полиция елорда қонақтарына жан-жақты ақпараттық қолдау көрсетті

Астана қаласы Полиция департаментінің туристік полиция инспекторы полиция капитаны Замзагүл Сейпилова туристер мен қала қонақтарына тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Төрт тілді еркін меңгерген тәртіп сақшысы қызмет барысында шетелдік және отандық азаматтармен еркін тіл табысып, елордадағы туристік нысандар бойынша қажетті мәліметтер ұсынуда.
Кезекті патрульдеу кезінде Оңтүстік Корея Республикасынан демалыс мақсатында келген студенттер Бейбітшілік пен келісім сарайының қалай жұмыс істейтіні, келушілер үшін қандай қызмет түрлері көрсетілетіні және экскурсиялық бағыттары туралы сұрақтар қойды. Туристік полиция қызметкерлері нысанның жұмыс тәртібі, ішкі инфрақұрылымы, өткізілетін мәдени іс-шаралар мен қауіпсіздік талаптары жөнінде толық ақпарат берді.
Сонымен қатар студенттерге елорданың негізгі көрікті орындары, туристік бағыттары, қоғамдық көлік қозғалысы және қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Қала қонақтарына бағыт-бағдар көрсету және жедел көмек алу жолдары да назардан тыс қалмады.
Туристік полиция қызметінің басты мақсаты – туристерге қолайлы жағдай жасау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Астананың қонақжай әрі қауіпсіз қала ретіндегі оң имиджін қалыптастыру.