
Елордада полиция қызметкерлері Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесіп, қаладағы жалпы білім беретін мектептердің 10–11 сынып оқушылары арасында “Дроп” тақырыбында жаппай эссе жазу шарасын өткізуде.
Аталған іс-шара жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, интернет-алаяқтықтың алдын алуға және жеке деректердің қорғалуына ерекше назар аударуға бағытталған. Қазіргі таңда алаяқтықтың жаңа түрлері, оның ішінде дропперлерді пайдалану жағдайлары жиілеп отырғандықтан, оқушыларға ерте жастан құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды.
Эссе жазу барысында оқушылар “Дроппер деген кім?”, «Жеке деректерді алаяқтардан қалай қорғауға болады» деген тақырыптарда өз ойларын жеткізді. Аталған іс-шараға жалпы 38 мыңға жуық жасөспірім қатысты. Іс-шара №91 мектеп-гимназиясында өтті.
Шара барысында полиция қызметкерлері оқушыларға интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері, дропперлердің қылмыстық схемалардағы рөлі, сондай-ақ жеке деректерді қорғау жолдары мен қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, заң талаптары мен құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік мәселелері де қозғалады.
Мұндай профилактикалық бағыттағы іс-шаралар оқушылардың саналы азамат ретінде қалыптасуына, заңға құрметпен қарауына және алаяқтардың арбауына түспеуіне ықпал етеді.