Елорда полициясы есірткіні қолданудың салдары туралы әлеуметтік ролик ұсынды

Елорда полициясы есірткіні қолданудың салдары туралы әлеуметтік ролик ұсынды

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу аясында қала Полиция департаменті есірткі заттарын тұтынудың салдарына арналған жаңа әлеуметтік бейнероликті таныстырды.
Бейнероликтің мақсаты – есірткінің қауіптілігін көрнекі түрде көрсетіп, елорда тұрғындарын оны қолдану жолына түспеуге шақыру. Онда заңсыз тұтыну үшін жауапкершілік, сондай-ақ есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зияны айқын көрсетілген.
Есірткі заттарын заңсыз сақтау, тарату немесе тұтыну деректері туралы 87777716393 сенім телефоны арқылы немесе 102 нөміріне хабарлауға болады. Ақпарат берушілердің анонимдігіне кепілдік беріледі.
Әлеуметтік бейнеролик халықтың хабардарлығын арттыруға және қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған алдын алу шараларының маңыздылығын көрсетуге арналған.
Полиция ескертеді: есірткіні тұтыну тек қана ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеліп қоймай, денсаулықты бұзады, тағдырды талқандайды және адам өміріне қауіп төндіреді.