Елорда полициясы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға арналған әлеуметтік бейнероликтер сериясын іске қосты

Елорда полициясы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға арналған әлеуметтік бейнероликтер сериясын іске қосты

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі жүйелі жұмыс шеңберінде елорда полициясы заңсыз есірткі айналымына қарсы күреске арналған әлеуметтік бейнероликтер сериясын шығаруды жалғастыруда.
Кезекті бейнероликке қазақстандық актерлер Абзал Ғарифуллин мен Ерлан Примбетов, сондай-ақ елордалық Полиция департаменті жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері — танымал спортшылар Мерей Ақшалов пен Данияр Елеусінов қатысты.
Аталған бейнероликтер қоғамның назарын есірткі тұтыну мәселесіне аударуға, профилактикалық шаралардың маңыздылығын көрсетуге және есірткінің заңсыз айналымы фактілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуге шақыруға бағытталған.
Астана қаласы Полиция департаменті тыйым салынған заттарды сақтау және тарату фактілері туралы кез келген белгілі ақпаратты полицияның Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының анонимді сенім телефондарына хабарлаудың маңыздылығын еске салады: 716393, 716039, +7 777 771 6393, +7 700 115 01 02.