Елордадағы түнгі көлік ұрлығы: полицейлер автокөлікті тауып, күдіктіні ұстады

Елордадағы түнгі көлік ұрлығы: полицейлер автокөлікті тауып, күдіктіні ұстады

Астана қаласының полиция қызметкерлері құны шамамен 15 миллион теңгені құрайтын автокөліктің ұрлығын жедел түрде ашты. Күдікті ретінде жәбірленушінің 25 жастағы бизнес-серіктесі анықталды. Олар жұмыс мақсатында басқа қаладан елордаға бірге келген.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ер адамдар пәтер жалдап тұрған. Оқиға болған түні жәбірленуші ұйықтап қалған сәтті пайдаланған күдікті оның күртесінің қалтасынан «Changan CS75 Plus» маркалы автокөліктің кілтін жасырын түрде алып, оқиға орнынан кетіп қалған. Осыдан кейін ол байланысқа шықпай, ізін суытқан.
Таңғы уақытта полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті қала көшелерінің бірінен қараусыз күйде қалдырылған күйінде анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды.
Полиция азаматтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға және таныс адамдардың арасында болса да, жеке заттарына мұқият қарауға шақырады.