Азия кубогындағы тағы бір жеңіс: елордалық полицейлер үздіктер қатарынан табылды

Азия кубогындағы тағы бір жеңіс: елордалық полицейлер үздіктер қатарынан  табылды

Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай дзюдо, самбо және қазақ күресінен Қарағанды қаласында өткен Азия кубогы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оған Қазақстанның және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия мемлекеттерінен 300-ден аса мықты спортшылар қатысты.
Дзюдо күресінен өте жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторлары Олжас Шынкеев пен Берік Ташмағанбетов қос жүлдені қанжығаларына байлады.
100 келі салмақ дәрежесінде полиция капитаны Олжас Қасымбекұлы жүлделі I орынды иеленсе, ал полиция майоры Берік Жолдыбайұлы жүлделі III орын алды.
Қос бірдей тәртіп сақшымыздың жүлделі орынға көтерілу – жан-жақты дайындығын, физикалық төзімділігі мен мықты рухын айқын көрсетеді.
Қызметтік міндеттерін абыроймен атқара отырып, спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, жастарға үлгі болуда. Оның бұл жетістігі – ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлығы мен тәртіптілігінің, сондай-ақ спортқа деген тұрақты қолдаудың нәтижесі.
Астана қаласы Полиция департаменті әріптесін халықаралық деңгейдегі жарыста көрсеткен жоғары нәтижесімен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейді.