
Елорда полициясы есірткі заттарын сақтап, таратты деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол басқарған «Kia» маркалы автокөлік жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тоқтатылған.
Көліктің жүксалғышын тексеру кезінде полиция қызметкерлері жасыл түсті, өсімдік тектес, өзіне тән иісі бар 30 ораманы анықтады. Сондай-ақ электронды таразылар, зип-пакеттер және есірткіні өлшеп, буып-түюге арналған өзге де құралдар тәркіленді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті тыйым салынған заттарды автокөліктің жүксалғышынан әртүрлі көлемде сатқан.
Тәркіленген заттың жалпы салмағы гашиш болып табылатын 2 келіден асты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Елорда полициясы есірткі заттарын сақтау, сату және тарату ауыр қылмыс болып саналатынын және қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Полиция азаматтарды қырағылық танытып, есірткінің заңсыз айналымы фактілері туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.