«Астана – есірткісіз қала»: елордада кең ауқымды профилактикалық акция өтті

«Астана – есірткісіз қала»: елордада кең ауқымды профилактикалық акция өтті

Елорда полициясы жастар арасында есірткі қаупінің алдын алу бағытында кешенді жұмыстарды жалғастыруда. Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде Астана қаласы Полиция департаменті жанындағы есірткі қылмыстарының алдын алу жөніндегі Кеңес мүшелерінің қатысуымен «Астана – есірткісіз қала» атты акция өтті.
Кеңес құрамына танымал спортшылар, актерлер, өнер қайраткерлері мен блогерлер – жастар арасында беделге ие пікір көшбасшылары кіреді.
Шара барысында дәрігер-нарколог студенттерге психоактивті заттардың зияны мен тәуелділіктің денсаулыққа тигізетін зардаптары туралы айтып берді. Полиция қызметкерлері есірткі заттарын сақтау, тарату және қолданғаны үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы еске салып, заңды сақтау мен дұрыс өмірлік ұстанымның маңыздылығын атап өтті.
Шақырылған спикерлер өздерінің табысқа жету жолдарымен бөлісіп, бүгінгі жастардың спортта, өнерде және кәсіби дамуда өзін-өзі жүзеге асыруға кең мүмкіндіктері бар екенін айтты. Сондай-ақ олар студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға және болашақты бұзуы мүмкін кез келген әдеттен аулақ болуға шақырды.
Іс-шара барысында арнайы жасақ және кинологиялық қызмет қызметкерлері де көрсетілімдік өнер көрсетті.
Профилактикалық жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері елордада жастармен 600-ден астам кездесу өткізіліп, танымал қоғам қайраткерлерінің қатысуымен түрлі акциялар мен спорттық шаралар ұйымдастырылды. Жастар белсенділерінің қатысуымен жүргізілген рейдтер барысында шамамен 2000-ға жуық есірткі жарнамасыжойылды.Полиция департаменті «Астана – есірткісіз қала» кешенді жоспарын жүзеге асыруда, оның басты мақсаты – есірткі қылмыстарын болдырмау және жастар арасында профилактикалық жұмыс жүргізу.
Есірткі қылмыстарының алдын алу жөніндегі Кеңес өз құрамын кеңейтіп келеді: оған жаңа медиа тұлғалар мен пікір көшбасшылары қосылып, жастар мен қоғамда салауатты өмір салты қағидаттарын қалыптастыруға үлес қосуда