Елордада жастар арасында есірткі тұтынудың алдын алу бойынша мотивациялық кездесу өтті

Елордада жастар арасында есірткі тұтынудың алдын алу бойынша мотивациялық кездесу өтті

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласы Полиция департаменті жанындағы Есірткі қылмыстарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерінің жастармен кездесуі өтті. Іс-шара ашық диалог, интерактивті ойындар және мотивациялық сөздер форматында ұйымдастырылды.

Студенттерге тәуелділіктің пайда болу себептері мен оның зардаптары туралы айтылып, есірткі мәселесіне тап болған жастардың нақты оқиғалары негізінде түсірілген әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

Акцияға танымал блогерлер, актерлер мен спортшылар қатысып, өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және саналы даму жолын таңдауға шақырды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы — Астана қаласы Полиция департаменті. Мұндай кездесулердің мақсаты — жастардың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру және бір реттік тәжірибе де қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіру.

Полиция еске салады: есірткі қылмыстарының алдын алу — қоғамның ортақ міндеті, және әр азаматтың қатысуы жас ұрпақтың өмірі мен болашағын сақтауға ықпал етеді.

Жыл басынан бері Кеңес мүшелерінің қатысуымен 600-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілді, ал ерікті жастар 2500-ден астам есірткі жарнамасы бар граффитиді бояп жойды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.