«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы: 66 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы:     66 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталғалы полиция қызметкерлері 66 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады. Қоқысты заңсыз тастау, рұқсат етілмеген жерлерге ағынды суларды төгу, қоршаған ортаны ластауға байланысты басқа да заң бұзушылықтар басты назарда болды. 

Акция басталғалы бері 489 жүк және 200 ассенизатор көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, құрылыс ұйымы Ұлы Дала даңғылы бойындағы құрылыс алаңының қоршауын және аумағын тиісінше таза ұстау талаптарын бұзған, нысанның паспорты жоқ, сондай-ақ іргелес аумақта құрылыс материалдарын сақтау фактісі анықталған. Осыған байланысты аталған ұйым ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Акция басталғаннан бері ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 2-бөлігі бойынша ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған»  24 мыңнан астам, ал 505-баб бойынша  абаттандыру қағидаларын бұзған 41 мыңнан астам  құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Жасалған құқық бұзушылықтар Астана қаласы бойынша Экология департаментіне жолданды.

Астана қаласы Әкімдігімен және «109 Бірыңғай анықтама қызметімен» бірлесіп рейдтер жүргізілуде. Алдын алу шаралары ұйымдастырылып, азаматтармен табиғатты қорғау заңнамасын сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» акциясы экологиялық жағдайды жақсартуға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге және азаматтардың табиғат тазалығына жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Экологиялық ережелерді сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырамыз!