Астана қаласындағы дүкендердің бірінде болған ұрлық дерегі полицияның жедел әрекеті мен бейнебақылау камераларының көмегімен әшкереленді.
Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті ер адам дүкен ішінде еркін кіру арқылы сатып алушылардың бірінің әмиянын жасырын түрде қолды қылған. Әмиян ішінде 120 мың теңге болғаны анықталды.
Жәбірленуші сөмкесін банкоматтың жанына қалдырып, дүкеннен тауар алған. Осы сәтті пайдаланған күдікті сөмкенің ішін ақтарып, әмиянды алып кеткен.
Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті көп ұзамай анықталып, ұсталды. Шығын көлемі жәбірленушіге толық қайтарылды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Полиция департаменті тұрғындарға ескертеді: ұсақ-түйек қылмыс деп қарауға болмайды. Қырағылық танытып, жеке заттарға мұқият болу қажет. Сауда орталықтарында, дүкендерде және адамдар көп жиналатын орындарда жеке мүліктің қауіпсіздігіне назар аударған жөн.