Астанада көлікті заңсыз айдап кетіп, автокөлік бөлшектерін ұрлаған екі азамат ұсталды

Астанада көлікті заңсыз айдап кетіп, автокөлік бөлшектерін ұрлаған екі азамат ұсталды

Елордада полиция қызметкерлері сұр түсті «Nissan Primera» маркалы автокөлікті айдап әкеткен екі жігітті ұстады.
Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан құрылыс құралдарының да жоғалғаны анықталды. Атап айтқанда: «Denza» маркалы дәнекерлеу аппараты, ұзындығы 70 метр кабель-ұзартқыш, «Скат» маркалы перфоратор, сондай-ақ «Crown» маркалы бұрыштық тегістеуіш пен шуруповерт ұрланған. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 1 млн теңгені құрады.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы бірқатар айғақ заттарды жинап, алынды.
Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде ұрлық «Қылмысты тоқтату» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ашылды. Бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің тұлғасы анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру маққсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Полиция азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады: автокөлікті күзетілмейтін аумақтарда қалдырмаңыз, машинадан құнды заттарды ашық жерге тастамаңыз, көлікті әрдайым дабылқаққыш (сигнализация) жүйесімен қорғаңыз, күмәнді жағдай байқасаңыз, бірден «102» нөміріне хабарласыңыз.