Астана қаласы Сарайшық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері Қошқарбаев көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің бірінің алдында тұрған көк түсті тракторды заңсыз айдап кеткен ер адамды ұстады.
Тергеу барысында, күдікті түнгі уақытта ішімдік ішкен күйінде тракторды айдап кетіп, оны қаланың орталық көшелерінің біріне тастап кеткен. Техниканың иесі оқиға туралы полицияға дереу хабарлап, жедел іздестіру нәтижесінде күдікті қолға түсті.
Алдын ала есеп бойынша күдікті трактор иесіне 500.000 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция департаменті тұрғындарды келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға, яғни, арнайы техниканы (трактор, жүк көлігі т.б.) қараусыз қалдырмауға, кілтті көлік ішінде тастамауға, сонымен қатар аула мен тұрақ орындарында бейнебақылау орнатуға шақырады.