Елордада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүргізілген тексеріс нәтижесі

Елордада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүргізілген тексеріс нәтижесі

Астана қаласының тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде.
«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Абылай хан даңғылы бойында орналасқан дүкенде сағат 23:00-ден кейін алкоголь өнімін сату дерегі анықталды. Атап айтқанда, дүкен иесі тарапынан 1,5 литрлік құйма сыра сатылған.
Бұл әрекет Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы 3-бөлігіне сәйкес құқық бұзушылық болып саналады. Дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тиісті шара қолданылды.
Сондай-ақ, 44 жастағы азаматша Рысқұлбеков көшесінде тұрғын үй ауласындағы бағандарда өз жарнамасын заңсыз орналастырған. Осылайша ол қала аумағындағы абаттандыру ережелерін бұзған. Аталған дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Полиция қызметкерлері ескертеді: елорда аумағында сағат 23:00-ден таңғы 08:00-ге дейін алкоголь өнімдерін сатуға қатаң тыйым салынады, бұл талапты бұзған кәсіпкерлік нысандарға айыппұл салынып, қайталанған жағдайда лицензиясынан айыруға дейінгі шара қолданылуы мүмкін.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға, ал кәсіпкерлерді сауда ережелерін қатаң орындауға шақырады.