Елордада тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Қалалық полиция құрылыс нысандарында рейд жүргізіп, абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылауда.
Құрылыс жұмыстары қаланың дамуына үлес қосады, алайда олар нормаларға сай әрі қоршаған ортаға зиян келтірмей жүргізілуі маңызды. Биылғы жылдың басынан бері абаттандыру ережелерін бұзудың 370-тен астам дерегі анықталды. Тек соңғы апта ішінде құрылыс қоқыстарын белгіленбеген жерлерге төккен 10 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция еске салады: абаттандыру — ортақ міндет. Қаланың тазалығы тек қызмет көрсетуші ұйымдарға емес, әрбір тұрғынның саналы әрекетіне де байланысты.
Егер заңбұзушылық немесе аумақтың ластануы анықталса, тұрғындарға бұл туралы полицияға хабарлау ұсынылады. Елордаға ұқыпты қарау — оның тазалығының, жайлылығы мен тартымдылығының кепілі.