Елорда полициясы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген жас жігітті жауапкершілікке тартты.
Ол әлеуметтік желілерде курорттық жолдамаларды сату туралы хабарландыру жариялаған. Үлгі ретінде түрлі демалыс орындарының фото-бейнематериалдарын қолданған, клиенттерге баспананы брондауды ұсынып, алдын ала төлем жасауды сұраған. Ақша алғаннан кейін байланысқа шықпай қойған.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті жауапкершілікке тартылды.
Полиция ескертеді: әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы демалыс жолдамасын брондар алдында ақпараттың шынайылығын тексеріп, құжаттарды талап ету немесе пікірлер жүйесі бар сенімді платформаларды пайдалану қажет. Бейтаныс адамдарға олардың адалдығына толық көз жеткізбей ақша жібермеңіздер.