Астанада аялдама әйнегін сындырған ер адам анықталды

Астанада аялдама әйнегін сындырған ер адам анықталды

Елордалық полиция қызметкерлері қоғамдық мүлікті бүлдірген ер адамды ұстады.

Астана қаласында қоғамдық тәртіпті бұзу және қала мүлкін бүлдіру фактісі бойынша полиция қызметкерлері жұмыстар жүргізуде.

Оқиға түнгі сағат 03:00 шамасында орын алған. Ер адам мас күйінде аялдама павильонының әйнегін сындырып кеткен. Оқиға куәгерлері полицияға хабар бергеннен кейін, тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзамай ұстады.

Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1 бөлігі «бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру»  бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 тәулікке қамауға алынды.

Елордада жыл басынан бері бөтен мүлікті қасақана  жою немесе бүлдіру бойынша 200-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау және бөтеннің мүлкіне залал келтірмеу қажеттігін ескертеді. Қоғамдық орындарда бұзақылық әрекеттерге жол берілмейді және заң аясында жауапкершілік қарастырылған.