Елорда маңында қылмыстық топ ұсталды

Елорда маңында қылмыстық топ ұсталды

Елорда полицейлері қала маңындағы саяжай алаптарының бірінде жасалған, мұқият жоспарланған мал ұрлығын әшкереледі.
Атбасар облысының тумалары болып табылатын үш ер адам қылмысты алдын ала ойластырып, әрекеттерін мұқият дайындаған. Олар бағытты белгілеп, малды сойуға арналған құралдар мен көлік дайындаған.
Түн мезгілінде олар тұрғындардың ауласынан екі бие мен бір сиырды ұрлап, жануарларды жақын маңдағы орман алқабына айдап кеткен. Ізді жасыру мақсатында күдіктілер малды сол жерде сойып, етті көлікпен алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жануарлардың терілерін және трассаға апаратын іздерді тапқан.
Бейнебақылау камералары күдіктілер мен олардың көлігін тіркеп, бұл дерек олардың жеке басын анықтауға және ұстауға мүмкіндік берді.
Ұрланған етті күдіктілер делдалдарға өткізіп үлгерген. Тінту кезінде олардың қолынан арқан, жүген және қылмыс жасау кезінде пайдаланылған шамдар тәркіленді. Ал сатып алушылардан бөлшектелген мал еттері табылып, айғақ ретінде алынды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында олардың бұрын да осыған ұқсас қылмыстар үшін жауапқа тартылғаны анықталды.
Елорда полициясы тұрғындарға өз мүлкін қорғау шараларын қабылдауды ескертеді: малды қараусыз қалдырмау, әсіресе түнгі уақытта, сондай-ақ қора-қопсыларды нығайту қажет.