Астанада полицейлер құрылыс құралдарын ұрлады деген күдікпен 23 жастағы ер адамды ұстады.
Анықталғандай, ол тұрғындар әлі қоныстанбаған, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жаңа тұрғын үй кешеніндегі пәтерге кіріп, құрылыс құралдарын алып кеткен. Ұрланған заттарды ол сатуды жоспарлаған.
Пәтер иелері құралдардың жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. Полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларын талдау арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Полиция ұрланған мүлікті тәркілеп, иелеріне қайтарды. Күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Елордалық полиция азаматтарға жөндеу жұмыстары жүріп жатқан нысандардағы мүлікті де сенімді қорғаудың маңыздылығын еске салады және уақытылы есік пен құлып орнатуға, сондай-ақ ұрлықтың алдын алу үшін техникалық құралдарды пайдалануға шақырады.