В Астане полицейские потушили горящий автомобиль

В Астане полицейские потушили горящий автомобиль

Астана қаласында патрульдеу барысында патрульдік полиция полкының қызметкерлері, полиция аға лейтенанттары Жандос Танлашев пен Тұрар Арап, техникалық ақаудың салдарынан отқа оранған сұр түсті автокөлікті байқап қалған.

Оқиға жолдың қарсы бетінде болған. Өртті көрген полицейлер дереу бұрылып, оқиға орнына жеткен. Уақыт жоғалтпай, олар өрт сөндіргіштердің көмегімен отты сөндіруге кірісті. Құқық қорғаушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрттің таралуына және ауыр зардаптарға жол берілмеді.

Автокөлік жүргізушісі — 30 жастағы елорда тұрғыны — көрсетілген дер кезіндегі көмек үшін полицейлерге шынайы алғысын білдірді.

Астана қаласы Полиция департаменті автокөлік иелеріне көліктің техникалық жағдайын тұрақты түрде тексеріп тұру қажеттігін ескертеді. Бұл — жолдағы барлық қатысушылардың қауіпсіздігінің кепілі.