Елорда полициясы прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырып жатқан 30 күндік нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар кешені аясында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Солардың бірі ретінде полиция қызметкерлері Аналар кеңесімен бірлесе отырып, Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледждің студенттеріне дәріс өткізді. Оқушыларға есірткі құралдарын қолдану мен таратумен байланысты құқықтық аспектілер және заң бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндірілді.
Мұндай кездесулердің маңызы зор, себебі олар студенттерге тек құқықтық салдарларды ғана емес, сонымен бірге есірткінің әлеуметтік қатерлерін жеткізуге мүмкіндік береді. Мамандармен еркін пікір алмасу жастардың өз болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етіп, алдын алу жұмыстарын тиімдірек етеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, оқу орындарын ғана емес, қаланың өзге де әлеуметтік алаңдарын қамтитын болады.