Астана қаласында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Байқоңыр аудандық полиция қызметкерлері қаруды сақтау талаптарының бұзылғанын анықтады.
Ақбидай көшесіндегі үйді тексеру кезінде 59 жастағы азаматтың сейфінде азаматтық аңшы қаруымен бірге бөгде заттар, ақша сақталғаны белгілі болды. Бұл қаруды сақтау тәртібін өрескел бұзу болып саналады.
Аталмыш азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 484-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қару тәркіленді.
Астана қалалық Полиция департаменті азаматтарды қару сақтау ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Бұл талаптарды орындамау азаматтың өзіне де, қоғамға да қауіпті жағдай туғызуы мүмкін.