Астана қаласында криминалдық полиция қызметкерлері 55 жастағы ер адамды қолға түсірді. Тергеу деректеріне сәйкес, ол пәтерге кілт таңдау әдісі арқылы кіріп, «Soniva-10» және «Samsung» маркалы екі ноутбукті ұрлап, осылайша 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Күдіктінің жеке басы бет-әлпетті тану жүйесі арқылы анықталды. Ұрланған заттар тәркіленді.
Қазіргі уақытта күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Астана қалалық Полиция департаменті азаматтарға өз мүлкіне мұқият болуды, сенімді құлыптар орнатуды және қосымша қауіпсіздік жүйелерін пайдалануды ескертеді.