Астана полицейлері электросамокат жүргізушілеріне бақылауды күшейтті

Астана полицейлері электросамокат жүргізушілеріне бақылауды күшейтті

Жыл басынан бері елордалық полицейлер электросамокат жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың шамамен 6500 дерегін анықтады. Сонымен қатар 31 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның 18-і кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған.
Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол электросамокаттарды пайдалану мәселесі қоғамда кең талқыланып отырғанын және ерекше назарды талап ететінін жеткізді.
Елорда полициясы жаяу жүргіншілердің, велосипедшілердің және электросамокат пайдаланушыларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды күшейтті.
Азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, мұқият болуға және барлық жол қозғалысына қатысушыларға құрметпен қарауға шақырамыз.