Тәжірибелі ұрыны астаналық полицейлер ұстады

Тәжірибелі ұрыны астаналық полицейлер ұстады

Астанада белгісіз адам 26 жастағы тұрғынның пәтеріне кіріп, жалпы құны 750 мың теңге болатын ноутбуктерді ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше рет сотталған 38 жастағы азаматты көпқабатты үйдің ауласында пәтер ұрлығын жасағаны үшін ұстады.

Анықталғандай, қылмыстың жасалу сызбасы стандартты болған. Күдікті подъезге кіріп, пәтер қоңырауын соққан, есікті ешкім ашпаған соң «кале» кілтін таңдау әдісімен ішке кірген. Сол жерде ол «Asus» және «HP» маркалы екі ноутбукты ұрлап кеткен.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған мүлік сату орындарына өткізіліп жіберілгені анықталды. Полицейлер оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Астана қаласы Полиция департаменті тұрғындарға қырағы болуды және мүліктерінің сақталуына шара қолдануды ескертеді. Егер сіз ұрлықтың немесе өзге де қылмыстардың құрбаны не куәгері болсаңыз, дереу 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.