Елорда полицейлері екі тәуліктің ішінде пәтер ұрлығын әшкереледі. Полицияға қала тұрғыны шағымданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу олардың пәтеріне кіріп, ақша мен төрт алтын сақинаны ұрлап кеткен. Ол үй иелерінің жұмыста болғанын пайдаланыпты. Ұрлық күндіз жасалған, алайда көршілер де, кездейсоқ куәгерлер де пәтерге кіргенін байқамаған. Жәбірленуші жалпы залалды бір жарым миллион теңгеге бағалады.
Сарайшык ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – отбасының 38 жастағы танысы болып шықты. Белгілі болғандай, ер адам ұрлық жасау үшін ыңғайлы сәтті күтіп, курьер ретінде келген. Үйде ешкім жоқтығына көз жеткізіп, кілттің көшірмесін жасап, пәтерге кірген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған ақша күдіктінің жеке қажеттіліктеріне жұмсалған, ал алтын әшекейлер заттай айғақ ретінде тәркіленді.
Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға және мүлкіңізді қорғау шараларын қабылдауға шақырады. Егер сіз ұрлықтың немесе өзге де қылмыстың құрбаны не куәгері болсаңыз, дереу 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуыңызды сұрайды.