Полиция департаментінің бастығы жас астаналықтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады

Полиция департаментінің бастығы жас астаналықтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады

Бүгін Астана қаласының барлық мектептерінде жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды. Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтау үшін Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Марат Төлебаев №85 мектеп-лицейіне келді.
«1 қыркүйек – әрқайсымыз үшін маңызды күн. Жаңа оқу жылы – балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беружі қажет ететін кезең. Баршаңызды жаңа оқу жылымен құттықтап, табыс тілеймін!» – деді өз сөзінде Марат Төлебаев.
Сонымен қатар бұл мектепте қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан батыр – Ғазиз Байтасовтың есімі берілген полицей класы ашылды. Оның құрметіне сынып оқушылары бір минут үнсіздікпен еске алды. Балалар үшін жол қозғалысы ережелерін білу дағдыларын көрсеткен викториналар ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында оқушыларға естелік сыйлықтар: төсбелгілер, ойыншық патрульдік көліктер және қауіпсіздікке қатысты жадынамалар табысталды.